Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі бала карьер суына толған шұңқырға батып кетті

Опубликовано:

су толы шұңқыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 10 жасар екі бала карьер суына толған қазылған шұңқырға батып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы жағдай Шалдар ауылының маңында болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қараусыз қалған шұңқырдың жанында мектеп оқушылары жиі ойнайды екен.

Сол күні балалардың бірі шомылғысы келіп, суға түскен. Бір уақытта ол бата бастаған, бұны байқаған екінші жеткіншек көмектесу үшін суға секірген.

Алайда екеуі де өздігінен судан шыға алмай, батып кеткен.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға басқа балалардың көз алдында болған. Суға кеткен балалардың денесін жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жасанды шұңқырдың тереңдігі екі метр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында екі бала жаңбыр суы жиналған қазылған шұңқырға түсіп кетіп, мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970690-turkistan-oblysynda-eki-bala-karer-suyna-tolgan-sunqyrga-batyp-ketti/

pixel