Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында екі бала қазылған шұңқырға батып кетті

Опубликовано:

Маңғыстау облысында екі бала қазылған шұңқырға батып кетті
Фото: Лада

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында екі бала жаңбыр суы жиналған күрелген қоқыс төгетін орынға батып кетті, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Басылымның өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап мәлімдеуінше, 2008 және 2012 жылы туған екі бала мерт болған.

Жеке үйлердің маңында тереңдігі бір метрлік қоқыс төгетін орынға жаңбыр суы жиналып қалғаны анықталды. Ол дәретхана үшін қазылған екен. Атасы мен әжесіне бара жатқан жолда балалар сол шұңқырға түсіп кетіп, шыға алмай қалған.

Құтқарушылар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырып, құдықтар мен арықтардың бетін жабуға кеңес берді.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында бір түн ішінде қатты жауын-шашыннан Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бостан, Сенек, Құрық, Шетпе ауылдарын су басқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1968552-mangystau-oblysynda-eki-bala-qazylgan-sunqyrga-batyp-ketti/

pixel