Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 9 жасар бала ашық жатқан элеватор резервуарына құлап кетті

Опубликовано:

Ақтөбе
Фото: NUR.KZ/ Ардақ Ерубаева

Ақтөбеде ашық жатқан элеватор резервуарына құлаған 9 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жасөспірім 30 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Жанқожа батыр көшесіндегі үйлердің ауласында ойнап жүрген. Алайда элеватор аумағына кіммен барғаны әзірге белгісіз.

Полиция департаменті сол күні сағат 23:31-ден бастап балаға іздеу жариялаған. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары жасөспірімді бір күн бойы іздеген.

"Бала Элеваторный көшесінде тереңдігі 10 метр болатын резервуардан табылды. Жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Ақтөбе облыстық ПД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Балаларға құрылыс алаңдары мен ғимараттар аумағында жүрудің ережесін үйрету керек. Ата-аналар балаларының қай уақытта, қай жерде жүргенін бақылауы қажет", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе
Фото: NUR.KZ/ Ардақ Ерубаева

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқан науқас нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлердің бақылауында. Баланың миына қан кетіп, кеуде қуысы, жамбас сүйегі сынған.

"2013 жылы туған бала кеше түнгі сағат 15:00 шамасында ауруханаға комада жатқан күйінде жеткізілді. Өте ауыр жағдайда болды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайы ауыр", - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Сағидолла Пірімжанұлы.

Материал авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972008-aqtobede-9-zasar-bala-asyq-zatqan-elevator-rezervuaryna-qulap-ketti-foto/

pixel