Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жасөспірім Каспий теңізіне батып кетті

Опубликовано:

теңіз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы Приморский тұрғын алабы маңындағы Каспий теңізінің жағалауында бір жасөспірім суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар тағы екі баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай туралы хабарлама 2 маусым күні сағат 17:13-те түскен.

"Куәгерлер Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы орналасқан жағажайда 17 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткенін айтты. Тағы екі баланы куәгерлер құтқарып алған. Қазіргі уақытта оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кеткен еді.

Қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Алмалы ауылында 28 мамыр күні болды.

Марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972332-aqtauda-zasospirim-kaspii-tenizine-batyp-ketti/

pixel