Қарағанды саябағында көшедегі жарық бағанасы баланың үстіне құлап кетті
Жарияланған күні:
Қарағандыда орталық саябақта оқыс оқиға болып, 10 жасар баланың үстіне көшедегі жарық бағанасы құлап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 3 маусым күні сағат 12:35-те болған. Ер бала саябақта велосипед айдап жүрген кезде оған бағана құлап кеткен.
Зардап шеккен жеткіншекті дереу ауруханаға жеткізген. Әзірге оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.
"Полиция фактіні тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысының полиция департаментінен.
Еске сала кетсек, бұған дейін 30 мамыр күні Ақтөбеде ашық жатқан элеватор резервуарына құлаған 9 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік. Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1972516-qaragandy-sayabagynda-kosedegi-zaryq-baganasy-balanyn-ustine-qulap-ketti/