Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кафеден өрт шықты

Опубликовано:

Алматы кафесі
Оқиға орнынан фото: Алматы қалалық ТЖД

Бүгін, 27 маусымда Алматының Алатау ауданында орналасқан дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Қызыл жалын "Ақбұлақ" шағын ауданындағы дәмханалардың бірінен шыққан. Өртті бейнебақылау камерасы анықтаған.

ТЖД атап өткендей, өртеніп жатқан ғимараттан әрқайсысы 50 литрлік үш газ баллоны шығарылды.

"Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт толығымен оқшауланды, жалынның таралу қаупі жойылды", - дейді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, өткен аптада Алматының Әуезов ауданында салынып жатқан ғимараттың корпусы өртенген болатын.

Құтқарушылар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975770-almatyda-kafeden-ort-syqty/

pixel