Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студент іздестіріліп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Ақсу өзені
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студентті іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД диспетчер қызметіне Төле би ауданы Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы өзенге 2001 жылы туған екі студенттің суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан қыдырып барған. ТЖД мәліметіне сәйкес, олардың бәрі Үндістан азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Құтқарушылар
Фото: Түркістан облысы ТЖД

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Осы ретте Түркістан облысы ТЖД тұрғындар мен қонақтарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975786-turkistan-oblysynda-suga-batyp-ketken-eki-seteldik-student-izdestirilip-zatyr-foto-video/

pixel