Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"19 жерінен тістеген": Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін балабақшада зардап шеккен (фото)

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары баласын балабақшада өзге бір бүлдіршіннің тістеп тастағанын айтып, жанайқайын жеткізді. Бұл туралы Жетінші арнаның aibatnews жаңалықтар қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, зардап шеккен бүлдіршіннің жақындары оның балабақшада қараусыз қалғанын, ал қасындағы басқа бір тұрғынның баласы 19 жерінен тістеп тастағанын айтқан.

"Бір тәрбиешінің 50 жас тойы болған. Соған көбісі сұранып кеткен. Ит талағандай, тура бір саусағын шайнап тастаған, тырнағына дейін. Санынан басқа жердің бәрін, барлығы 19 жерінен тістеген", - дейді бүлдіршіннің атасы.

Зардап шеккен тарап бөбекжай басшылығы орнын босатсын деген талап қойған.

"Орнынан кету керек. Бұл деген масқара. Бала шошынған, жылайды, шыңғырады", - дейді бүлшірннің әжесі.

Ал телеарнаға пікір білдірген балабақша меңгеруші 3 жастағы тістеген баланың бұған дейін де басқа балаға тісі тигенін жоққа шығармаған. Айтуынша, баланың денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ. Бірақ денесінде грыжасы болғандықтан, ауырсынып агрессияға берілуі мүмкін деп болжайды.

"Мынау екінші жағдай. Баланың грыжасына ота жасатыңыз дедік. Мақұл деп кеткен. Ол үлкен, кіші дәретке отырған кезде мазасызданады, өйткені жаңағы жері ауырады", - дейді балабақша меңгерушісі.

зардап шеккен бала
Зардап шеккен бала. Видеодан кадр: instagram.com/aibatnews

Телеарнаның хабарлауынша, балабақшада бейнекамера осы жайттан соң қойылғандықтан, оқыс жағдайдың қалай болғаны белгісіз. Десе де оқиға тәрбиеші түс кезінде әжетханаға барып келген уақытта орын алған болуы мүмкін.

Балабақша меңгерушісінің сөзінше, тәрбиеші балалар ұйықтап жатқанын көріп, сол кезде үлгеріп, әжетханаға барып келгенін айтқан.

Бұл жайтқа қатысты Талас аудандық білім бөлімінің басшысы да пікір білдірді.

"Тәрбиешісіне тиісінше сол мекеме басшысы шара қолданады. Ал мекеме басшысына біз білім бөлімі тарапынан қатаң шара қолданамыз", - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Арапұлы.

Бұл оқиға бойынша тексеру әлі жалғасуда.

Қазіргі таңда зардап шеккен баланы ата-анасы елордаға емдеуге алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977537-19-zerinen-tistegen-zambyl-oblysynda-2-zasar-buldirsin-balabaqsada-zardap-sekken/

pixel