Есіктегі атыс: Оқ тиген екі адамның бірі ауруханада көз жұмды
Опубликовано:

Алматы облысының Есік қаласында атыстан зардап шеккен бір адам ауруханада қайтыс болды, екіншісінің жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылғы екі ер адам түскен.
"Екеуі де ауыр халде жеткізілді. Оларға шұғыл түрде ота жасалды. 2004 жылғы адам қайтыс болды. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр", - дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шеккені хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979935-esiktegi-atys-oq-tigen-eki-adamnyn-biri-auruxanada-koz-zumdy/