Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Атырау облысы ПД / azh.kz

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолында жол апатынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында тіркелген.

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 19-шақырымында Toyota Land Cruiser Prado және "ВАЗ" көліктері соқтығысқан.

"ВАЗ" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүрізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін 19 шілдеде Арқалық-Торғай тасжолында жедел жәрдем мен Chevrolet Niva көлігі соқтығысып, салдарынан фельдшер қаза тапқанын жазған едік.

Ал жедел жәрдем жүргізушісі түрлі дене жарақатын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979997-atyrau-oblysynda-zol-apaty-bolyp-us-adam-qaza-tapty-video/

pixel