Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жұмысшылар мінген автобус аударылып қалды: 16 адам зардап шекті

Жарияланған күні:

автобус
Фото: Павлодар облысы ПД

Бәйет ауылының маңында жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға орнына дәрігерлер жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, автобус Павлодар - Нұрсұлтан тас жолының 139-шақырымында апатқа ұшыраған.

40 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, автобус жыраға аударылып кетті.

Оған Павлодардан Атырау қаласына шыққан вахталық әдіспен жұмыс істейтін мамандардың мінгені белгілі болды.

"Оқиға орнында полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеді. Медициналық көмекке 16 адам жүгінді", - деді ведомство.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің 19-53 жас аралығындағы ер адамдар екенін хабарлады.

Олар дене жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі ауырсынулармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысындағы тас жолда бес адамның өмірін қиған жол апатының болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980293-ekibastuzda-zumyssylar-mingen-avtobus-audarylyp-qaldy-16-adam-zardap-sekti/