Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Опубликовано:

Қызылордада жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

26 шілдеге қараған түні Қызылорда облысындағы тас жолда бес адамның өмірін қиған жол апаты болды. Оқыс оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 26 шілдеге қараған түні сағат 03.00 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында Жалағаш ауданының Таң ауылы маңында Toyota және Daewoo Nexia екі жеңіл көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен Nexia-ның үш жолаушысы да қайтыс болды.

Қызылорда облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп түсіндірді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980276-qyzylorda-oblysynda-zol-apatynan-bes-adam-qaza-tapty/

pixel