Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен бес жасар қыз бала аман қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елордада 10-қабаттан құлап кеткен қыз бала аман қалды. Оны төменгі қабаттағы көршісі қағып алуға тырысып, жерге қатты құлауына жол бермеген, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 31 шілде күні кешкі уақытта болған. Құтқару қызметіне сағат 20:50-де жедел жәрдемнен 2017 жылы туған баланың 10-қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Сол үйде тұратын 1988 жылы туған ер адам баланы құлап бара жатқанда ұстап алмақ болған, осылайша соққыны жұмсартқан", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті баланы құтқаруға тырысқан Талғат Әбдіханұлын марапаттауды ұйғарған.

Алайда қыз бала қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқандықтан Талғат марапаттан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982492-nur-sultanda-10-qabattan-qulap-ketken-bes-zasar-qyz-bala-aman-qaldy/

pixel