Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 11 жасар қыз суға батып кетті

Опубликовано:

өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында 11 жасар қыз суға батып кетті. Оның денесі бір күннен кейін ғана табылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басылымға хабарлауынша, 13 тамыз күні күндіз сағат 13:50 шамасында Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының шетіндегі Шароновка өзеніне 2011 жылы туған қыздың суға батып кеткен.

Іздеу жұмыстары кеше күндізгі сағат 15:40-тан түнгі 23:00-ге дейін созылған. Бүгін, 14 тамыз күні таңертең іздеу жұмыстары қайта жалғасқан. Таңғы сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып, судан шығарды.

Еске салайық, өткен аптада Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қызды бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Өкінішке қарай, қыз бала суға батып, көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983083-atyrau-oblysynda-11-zasar-qyz-suga-batyp-ketti/

pixel