Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ҰҚК шекара қызметінің сарбазы көз жұмды

Опубликовано:

ҚР ҰҚК шекара қызметі
Көрнекі фото: ҚР ҰҚК шекара қызметі

17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін атқарып жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев қайтыс болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ресми сайтында хабарлады.

"Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша "кенеттен болған жүрек өлімі" анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 27 шілдесінде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты.

Кейін марқұм офицердің әйелі оның өліміне қатысты БАҚ-қа сұхбат беріп, жұбайының қазасына себеп болуы мүмкін жайтты айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983983-atyrau-oblysynda-uqk-sekara-qyzmetinin-sarbazy-koz-zumdy/

pixel