Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланады

Опубликовано:

Қостанай облысындағы өрт
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 5 қыркүйек сағат 11.00-дегі жағдайды өз Telegram парақшасында мәлім етті. Анықталғандай, тағы бір ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланбақ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір өрт сөндіру орман аймағында Аманқарағай, Лесное, Озерное, бағаналы және Калинино аумағында жүргізілуде. Барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен. Оның 85-і Аманқарағай ауылында және алтауы Озерное ауылында.

Осыған дейін 10 адам жарақат, күйік алып, жеңіл және орташа ауырлықтағы улану оқиғаларына ұшырады. Ал 1935 жылғы туған бір адам қаза тапты.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 гектар.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан - 250 адам, Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен - мың адам, Калинино ауылынан - 228 адам және Лесное ауылынан - 363 адам эвакуацияланған.

"Өрт орман алқабының төменгі, кей жерлерде жоғарғы бөлігін шарпуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар Бағаналы ауылынан Қазбасы ауылына эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады ведомства.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды. Эвакопунктерде 66 адам бар. Ал қалғандары өз үйлеріне оралып, туысқандарына орналастырылған.

Қостанай облысында барлығы бір мезгілде 3 табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986221-qostanai-oblysynda-tagy-bir-auyl-turgyndary-evakuaciyalanady/

pixel