Алматыда тау бөктеріндегі өрт ауыздықталды: ТЖД қала тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданында болған өртке қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 6 қыркүйек таңғы сағат 11:08-ден бастап құрамында 106 адам және 8 өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ 4 суару-жуу құралы бар Алматы ТЖД-нің табиғи өрттерді сөндіру жөніндегі жиынтық жасағы Медеу ауданындағы Кеңсай тауы баурайындағы құрғақ шөптің жануын жоюда.
ТЖД өртті сөндіруге беткейлердегі биіктіктің өзгеруі ғана емес, желдің екпіні және биік өскен шөптердің кедергі келтіріп жатқанын, соның әсерінен ыстық жалын тарайтынын атап өтті. Өрт сөндіру үшін "Ермак" аспалы өрт сөндіргіштері, шанцты құралдар – шартылдақтар мен күректер қолданылды.
Соңғы мәліметтер бойынша, сағат 17:01-де тау бөктерінің оңтүстік-шығыс жағындағы кейбір бағыттар бойынша өрт ауыздықталды. Өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі жойылды.
Ведомствоның мәліметінше, Кеңсай-2 қорымының аумағында құрғақ ағаштар жанып кеткен, қорымдар бүлінбеген.
"Таулы орман алқабында жоғары өрт қаупіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық от қолданбау, от жағу, темекі шегу және құрғақ шөптер мен сабан жағудан бас тартуды сұраймыз. Ауыр зардаптар болған жағдайда кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады ТЖД.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт толықтай 18:43-те ауыздықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986470-almatyda-tau-bokterindegi-ort-oqsaulandy-tzd-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/