Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция қураған шөпке от қойды деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады (видео)

Опубликовано:

өрт
Видеодан кадр: Facebook/Ирина Советжанқызы

Әлеуметтік желіде түн мезгілінде өртеніп жатқан шөптің видеосы тарады. Бұл жолы оқиға Алматы облысында болған. Тәртіп сақшылары күдіктінің тапты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналы.

"Видео авторы қасақана өрт қойған адамның түрін түсірген. Өзінің қасында әйелі болғаны себепті күдіктіні ұстай алмаған. Әйелі екеуі жол бойы өрт қойылған жерлерді өшіріп жүр", - деп жазылған видеоға пікірде.

Алматы облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болғанын мәлім етті.

"Ағаштарды өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекеттерін түсіндіре алмағанын, өйткені өрт қойған кезінде мас күйде болғанын хабарлады.

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда, Көктөбе маңына өрт қойды деген күдікпен ер адам ұсталған болатын.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986687-policiya-quragan-sopke-ot-qoidy-degen-kudikpen-tagy-bir-er-adamdy-ustady-video/

pixel