Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жолдан жүгіріп өтпек болған 11 жастағы бала көз жұмды

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысында 11 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды IIM Telegram-арнасында.

Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін, 20 қазанда сағат 07.45-те Құлсары қаласында болған.

Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді​ қағып кеткен. Ол оқиға орнында мерт болған.

Құзырлы орган жариялаған видеодан жасөспірімді жолдан жүгіріп өтпек болған кезде көлік қаққанын байқауға болады.

Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жол жиегінде тұрған анасы мен қызын көлік қағып, олар оқиға орнында көз жұмғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993638-atyrau-oblysynda-zoldan-zugirip-otpek-bolgan-11-zastagy-bala-koz-zumdy/

pixel