Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қинау белгісі бар": Ақтөбедегі Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды

Опубликовано:

Өзен
Өзен жағасы. Көрнекі фото: Pexels.com

Ақтөбедегі Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды. Олардың денесінде қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың хабарлауынша, 26 қазан сағат 20:14-те қалалық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына қоңырау түскен.

Онда Кеңес Нокин даңғылы бойында орналасқан "Оазис" монша кешеніне қарсы беттегі Елек өзенінің жағасынан белгісіз адамдардың денесі табылғаны жайлы айтылған.

Келіп түскен ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел тергеу тобы барған. Олар ағаштар арасынан 1991 жылы туған және 1995 жылы туған екі жігіттің денесін тапқан.

"Екеуін де қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар. Сол себепті, аталған дерекке байланысты Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды", дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1994582-aqtobedegi-elek-ozeni-zagasynan-eki-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel