Көршілес үш елдің президенттері шай үстінде әңгіме-дүкен құрып отырған сәт желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:

Желіде бауырлас үш елдің – Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің әңгімелесіп, шай ішіп отырған сәтінен видео жарияланды. Ол желіде миллиондаған қаралым жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазбаны қазақстандық журналист, "PRESIDENT" арнайы жобасының авторы Әділ Балтабаев Бакудегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммиті кезінде түсіріп, желідегі парақшасында жариялады.
Видеода көршілес үш ел басшылары шай үстінде әңгіме-дүкен құрып отыр.
"Өзіміз отырып...", - делінген видео сипаттамасында.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми отырысы көпті сүйсінтті. Желі қолданушылары жарияланымға жылы лебіздерін қалдыруда.
Видео бір тәулікте 5000-нан астам пікір, 2 млн-нан астам қаралым жинады.
"Үшеуі бір үйдің балаларындай болып отыр", "Кенжесін орталарына алып алыпты", "Қандай әдемі көрініс ", "Бауырлас халықтармен мың жасайық", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз