Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 15-і зардап шекті

Опубликовано:

жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Алматыда екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша тағы 15 адам жарақат алған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.

"Алматы қалалық полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - делінген ІІМ таратқан мәліметте.

Айта кетейік, жол апаты бүгін, 8 қарашада Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысында болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996252-almatyda-eki-avtobustyn-soqtygysuy-saldarynan-15-adam-zardap-segip-bireui-koz-zumdy/

pixel