jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда жол талғамайтын көліктің рөліне отырған оқушы қоршауға соғылды

    Жол талғамайтын көлік
    Жол талғамайтын көлік. Кадр: instagram.com/sergek.kaz

    Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім жол талғамайтын көліктің тізгініне отырып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Енді оның ата-анасы жауапқа тартылады, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматыдағы жол-көлік оқиғасы түсірілген видео Instagram-дағы sergek.kaz парақшасында жарияланды.

    "Алматыдағы Артиллерия көшесінде Nissan Patrol көлігін тізгіндеген оқушы рөлге ие бола алмай, жеке үйдің қоршауына соғылды. Оқырман жолдаған кадрлардан соққыдан тас қоршаудың бір бөлігі мен қақпа толығымен қирағанын көруге болады", - делінген жазбада.

    Алматы қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасы сағат 10:00-де Түрксіб ауданында болғанын хабарлады.

    "Nissan көлігін басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста ол рөлге ие бола алмай, жеке үйдің темір қоршауына соғылды.

    Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған жүргізушінің ата-анасы жауапқа тартылады", - деп хабарлады полиция.

    Алматыда жол талғамайтын көліктің рөліне отырған оқушы қоршауға соғылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram