Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Lexus жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден өткен 5 жасөспірімді қағып кетті

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі 5 жасөспірімді қағып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары арнасы.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қараша күні сағат 19:50 шамасында болған.

"Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен", - делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы орган қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Қаскелең қаласында рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған бойжеткенді екі көлік қағып кеткен еді.

Сондай-ақ Атырау облысында жолдан жүгіріп өтпек болған 11 жастағы бала көлік қағып, мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999025-almaty-oblysynda-lexus-zurgizusisi-ruqsat-etilmegen-zerden-otken-5-zasospirimdi-qagyp-ketti/

pixel