jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі құлаған: полиция кінәліні анықтады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кеше, 27 шілдеде Павлодарда әйелдің басына әлдекім мұз кесегін лақтырғанын жазған едік. Полиция кінәлі адамды анықтады, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодарда әйел адамның басына мұз кесегі түсіп, жарақат алғаны туралы жазған едік.

    Полиция денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Бейнебақылау камераларының жазбасы алынып, куәгерлерден жауап алынды және басқа да қажетті тергеу шаралары жүргізілді.

    Павлодар облыстық полиция департаменті 28 шілдеде оқиғаның мән-жайын анықтады.

    "Оқиғаға 12 жасар кәмелетке толмаған баланың абайсызда қатысы бар екені анықталды.

    Оның айтуынша, балконда тұрған кезде ол мұз кесегін сындырып алмақ болған, бірақ мұз қолынан тайып кетіп, төменге құлап, өтіп бара жатқан әйелге тиген", - делінген полиция хабарламасында.

    Болған жайттан қорыққан балалар бұл туралы ересектерге айтпай, ата-аналарынан жасырып қалған.

    Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасы болған жайтты толық мойындап, өкініш білдірді.

    "Балаларыңызға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз және айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеңіз", - деп ескертті полиция қазақстандық ата-аналарға.

    Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі құлаған: полиция кінәліні анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.