jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен танымал ақтөбелік блогер қайтыс болды

    Мұрат Бимағамбетов
    Мұрат Бимағамбетов. Фото: diapazon.kz

    Ақтөбелік белгілі блогер әрі вайнер Мұрат Бимағамбетов қайтыс болды. Бұл туралы Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мұрат Бимағамбетов 19 қарашада жоғалып кетті. Содан бері оны көпшілік тоқтаусыз іздеген болатын. Блогердің үйінен шығып, қайта оралмағаны хабарланған.

    Әзілкен Мұрат Бимағамбетов ақтөбелік КВН командасының капитаны ретінде де есте қалған. Сондай-ақ, ол қайырымдылық іс-шараларын жиі өткеріп, "100 дос" жобасын құрған. Осылайша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесуімен де ерекшеленді.

    27 қараша күні Мұрат Бимағамбетовтің қаза болғаны хабарланды.

    Ақтөбе облыстық полиция департамерті KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, танымал блогердің денесі Орал қаласынан табылғанын растады.

    "Мұрат Бимағамбетовтың туыстары оның жоғалғандығы туралы хабарлап, іздеу жариялады. Марқұмның денесі Орал қаласынан табылғандығы жөнінде хабар келді",- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

    Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен танымал ақтөбелік блогер қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.