Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Жоғалған баланы іздеп жүргендер
Видеодан кадр: Telegram/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде 28 желтоқсан күні жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылған. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған баланың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2003771-aqtobede-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-4-zasar-bala-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel