Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте толассыз жауған қардың салдарынан екі бастырма құлап, 5 көлікті басып қалды (фото)

Опубликовано:

бастырма басып қалған көлік
Бастырма басып қалған көлік. Фото: instagram.com/shymkent_tjd

Шымкентте тоқтаусыз жауға қардың салдарынан екі бастырма құлап, 5 көлікті басып қалды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті желідегі ресми парақшасында.

ТЖД-нің мәліметінше, 9 қаңтардан бері толассыз жауған қар Шымкент қаласының тұрғындарын әбігерге салуда.

Мәселен, бүгін, 10 қаңтарда Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданындағы №114 үйдің ауласында жалпы көлемі 252 шаршы метрді құрайтын екі бастырма құлап, 5 көлікті басып қалған.

Абырой болғанда бұл жайттан ешкім зардап шекпеген. Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004812-symkentte-tolassyz-zaugan-qardyn-saldarynan-eki-bastyrma-qulap-5-kolikti-basyp-qaldy-foto/

pixel