Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойын омыртқасы сынған": Ақтауда басына диван құлаған ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Ауруханадағы ер адам
Ауруханадағы ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда терезеден лақтырылған диван ер адамның басына түсіп, салдарынан оның мойын омыртқасы сынып кеткен, деп хабарлайды inAktau.kz.

Зардап шеккен ер адамның туыстары басылымға ұсынған ақпаратқа сенсек, оқыс оқиға 12 қаңтар күні, күндіз Ақтаудағы 11 ықшам ауданда орналасқан 41 үйдің маңында болған.

Олардың сөзінше, белгісіз біреулер алтыншы қабаттағы пәтерден диван лақтырып, жиһаз 39 жастағы ер адамның басына түскен. Ол ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен азаматтың туыстары оның мойын омыртқасы сынып, аяқ-қолы жансызданып қалғанын жеткізді.

Сондай-ақ зардап шеккенің тұрғынның ағасы диван құлаған пәтерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұратынын естігенін айтады. Ал оқиға кезінде үйде балалардың ата-анасы болмаған көрінеді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған фактіні Ақтау қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша тіркеуге алғанын хабарлады. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005514-aqtauda-basyna-divan-qulagan-er-adamnyn-moiyn-omyrtqasy-synyp-ayaq-qoly-zansyzdanyp-qalgan/

pixel