Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қалалар мен ауылдарды су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Түркістан облысындағы су басқан аумақта жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Түркістан облысындағы су басқан аумақта жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Фото: https://t.me/qr_tjm

Түркістан облысында екі қала мен үш ауданда аула аумақтары мен көшелер су астында қалды. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2 ақпанда сағат 08:00-ден бастап аймақтағы таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген.

Салдарынан Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аула аумақтары мен көшелерді су басқан.

Министрлік қазіргі уақытта ТЖД күштері үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Оған 50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанның 255 елдімекенін су басу қаупі бар екенін айтқан болатын.

Министр су басу қаупі жоғары аймаққа Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарын жатқызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007753-turkistan-oblysynda-qalalar-men-auyldardy-su-basty-foto-video/