Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны кезеңіне дайындық: Қазақстанда 255 елдімекен қауіпті аймақта тұр

Опубликовано:

Еріген қар суы. Көрнекі сурет
Еріген қар суы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, 24 қаңтарда, үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары талқыланды. Белгілі болғандай, Қазақстанда қазіргі таңда 255 елдімекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.

Отырыста премьер-министр Әлихан Смайылов қазірдің өзінде Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар екенін атап өтті.

"Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елдімекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Ауа райы болжамына сәйкес, алдымыздағы ақпан айында оңтүстікте ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін. Бұл – "айтып келетін апаттың" нағыз өзі. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек", — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы өңірлер су тасқынына толық дайын еместігін айтты. Қажетті шаралар ұзақ уақыт бойы қабылданбай келеді.

"Дайындық жұмыстарының сапасына қатысты халықтың тарапынан да түсіп жатқан шағымдар аз емес. Өйткені, олар өздерінің үй-жайына, мал-мүлкіне алаңдап отыр. Мәселен, Ақмола облысының Қошқарбаев ауылында Нұра өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына қаржы бөлінбей отыр. Онда әр жыл сайын тасыған су жағалауды бұзып өтіп, үйлерге дейін жетеді", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен бірге үкімет отырысында Алматы, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Астанада және Алматыда дренаждық жүйенің қатты жауын-шашын мен тасыған селге шамасы жетпейтіні айтылды.

Бұл ретте үкімет басшысы барлық өңір әкімдері қарды, әсіресе, ауылдық елді-мекендерде уақытылы шығаруды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Отырыста қаралған тағы бір маңызды мәселе – тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуы болды. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғындары жыл сайын жолдың шайылып кетуінен Нығман кентімен қарым-қатынас қиынға түседі деп шағымданған. Ауыл тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын алдын ала дайындап алуға мәжбүр, дейді үкімет мүшелері.

"Мұндай жағдай болмауы тиіс. Әкімдік бұл проблеманы түпкілікті шешуі қажет. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен өңір әкімдері жолдардың, көпірлер мен су өткізу бекеттерінің су тасқынына дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауы керек", — деді премьер-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006521-su-tasqyny-kezenine-daiyndyq-qazaqstanda-255-eldimeken-qauipti-aimaqta-tur/

pixel