Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тікұшақтың апатты жағдайда қонуы салдарынан төрт адам қаза тапты

Жарияланған күні:

БҚО-да тікұшақ апаты болған жер
БҚО-да тікұшақ апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың апатты қонуы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Telegram арнасында хабарлады.

"Соңғы мәліметтер бойынша, ТЖМ іздеу тобы тікұшаққа жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Осы орай ведомство Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына баратынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонғанын жазған едік.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, 23 ақпанда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан. Сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта тікұшақ қатты екпінмен келіп қонған.

Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010625-bqo-da-usaqtyn-apatty-qonuy-saldarynan-tort-adam-qaza-tapty/