Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Корея әуежайынан екі қазақстандық қашып кеткен: олардың біреуі ұсталды

Опубликовано:

Көшеде тұрған кореялық полицей
Көшеде тұрған кореялық полицей. Көрнекі фото: Chris Jung/NurPhoto via Getty Images

Әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі қазақстандық туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Инчхон әуежайынан 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматының қашып кеткені туралы ақпаратты Instagram желісіндегі "Корея Жаңалықтары" паблигі оңтүстіккореялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып жазды.

"Егер Корея полициясы оларды ұстайтын болса, 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Екі қазақстандықтың туыстары, жақындары байланысқа шығыңыздар", - делінген жазбада.

Көп ұзамай Instagram желісінде екі жігіттің бірі Теджон қаласында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болып, сәйкес фото да әлеуметтік желіде тарап кетті.

"Корей жаңалықтары" парақшасының жазуынша, Инчхон әуежайының халықаралық және иммиграциялық қызметінің полиция бөлімінің мәліметінше, 26 наурыз күні таңғы сағат 4:20 шамасында екі қазақстандық әуежайдың сыртқы қоршауынан қарғып түсіп, қашып кеткен. Оңтүстік Кореяның иммиграциялық органдары мен полициясы оларды іздестіруге кіріскен.

"Бірнеше күн бұрын оларға мемлекетке кіруге тыйым салынған. Олар басқа қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге өтпек болған, бірақ оларды кіргізбей қойған", - деп жазады пост авторы.

Бұл жайтқа қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Бұған дейін Корея Республикасына кіруге тыйым салынған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан рұқсатсыз шығып, кетіп қалған. Кейін олардың бірін жергілікті полиция ұстаған, екінші отандасымызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Белгілі болғандай, бұл азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкенттен Koreana әуе компаниясымен келіп, депортациялық рейсті күтіп отырған. Қазақстанның Сеулдегі елшілігі бұл жағдай бойынша Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста", - дейді СІМ өкілдері.

Министрлік сондай-ақ бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық наразылық тудырғанын және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланғанын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство осы жағдай алдағы уақытта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарының Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүріп-тұруына қарсы белсенді күресуіне, одан бөлек қазақстандықтардың мемлекетке кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014226-ontustik-koreya-auezaiynan-eki-qazaqstandyq-qasyp-ketken-olardyn-bireui-ustaldy/

pixel