Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы бұрыш баллонын шашып, жеті бала ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Аурухананың алдында тұрған жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашып, салдарынан жеті оқушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін, 29 наурызда болған.

"Алматы қаласы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Алмалы ауданындағы жалпыға білім беретін мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада бұрыш баллонын шашып, салдарынан жанында тұрған оқушыларға кері әсері туындағаны туралы хабарлама келіп түскен", - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ мәліметінше, бұл жайттан кейін мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ ведомство Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес шара қолданатынын атап өтті.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014569-almatydagy-mektepterdin-birinde-9-synyp-oqusysy-ballonnan-burys-sasyp-zeti-bala-auruxanaga-tusti/

pixel