Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұрыш баллонынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

бұрыш баллоны
Бұрыш баллоны. Көрнекі фото: Daniel Karmann/Picture alliance/Getty Images

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қала мектептерінің бірінде бұрыш баллонынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиғадан кейін үш бала "Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына" жатқызылған.

"Барлығының жағдайы орташа ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек толығымен көрсетіледі", - дейді дәрігерлер.

Еске салайық, бүгін Алматыдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашып, салдарынан жеті мектеп оқушысы медициналық мекемеге жеткізілген еді.

Полиция қызметкелері Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес шара қолданатынын атап өтті.

Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014595-darigerger-almatyda-burys-ballonynan-zardap-sekken-oqusylardyn-zagdaiyn-aitty/

pixel