Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 1200 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді

Опубликовано:

Қамыс өртін сөндіріп жатқан өрт сөндірушелер
Атырау облысындағы өрт сөндірілді. Фото: ТЖМ ресми сайты

6 сәуірде сағат 21.30-да Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында жанған қамыс өрті толықтай сөнідірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше "Қазақстан Ғарыш сапары" космомониторингіне негізделген "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1200 га құраған.

"Қамыс өсімдіктерінің жануы нәтижесінде флора мен фауна зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 сәуірде сағат 09:12-де Атырау қаласының Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде Каспий теңізі жағалауының сулы, батпақты жерінде қамыс жанған болатын.

Өрт ошағы анықталғаннан кейін Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

"5 күн бойы өрт сөндірушілер жалынмен күресті. Жел бағытының өзгеріп отыруы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың баурайы өрт сөндірушілерге қиындық туғызғанын айта кеткен жөн.

Өрт сөндіру автотехникасына өту жолдарының болмауына байланысты, өртті сөндіру жаяу түрде өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды қолдану арқылы жүзеге асырылды", - деді ТЖМ өкілдері.

ТЖМ дерегінше, қамыс өртін жоюға ТЖД 42 қызметкер мен 7 техника және "Ақ Жайық" табиғи мемлекеттік резерватынан 30 адам мен 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұдан бөлек, қызыл жалынды сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезеңінде тікұшақ өрт ошақтарына әуеден 86 рет, жалпы көлемі 260-қа жуық тонна су төкті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015912-atyrau-oblysynda-1200-gektar-aumaqty-sarpygan-ort-sondirildi/

pixel