Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды (видео)
Жарияланған күні:
Атырау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарыүш күн бойы қызыл жалынмен күресуде. Қазіргі уақытта 80 гектардан астам аумақтағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ведомство Telegram арнасында.
Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысындағы қамыс өртінің жалпы ауданы 89,5 гектарды құраған. Қазіргі уақытта 80 гектардан астам аумақтағы өрт өшірілген.
"Жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда", - делінген хабарламада.
Одан бөлек, 4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. Осылайша, әуеден 14 рет су төгілді.
Осы ретте, ТЖМ өртті сөндіруге барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық әртүрлі техника жұмылдырылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015455-atyrau-oblysyndagy-qamys-ortin-sondiruge-tikusaq-tartyldy-video/