Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге барған соң бір аптадан кейін мерт болған сарбаз өліміне қатысты күдікті 9 жылға сотталды

Опубликовано:

Әскерде қаза болған сарбаздың туыстары тергеу нәтижесіне наразы
Әлібек Қалбай анасымен бірге. Фото: жеке мұрағат

Жамбыл облысының Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарбаздың өліміне атыраулық Айболат Аманжолов күдікті деп танылып, ол Алматыдағы тергеу изоляторында отырған болатын. Бүгін Алматыдағы әскери сотта Айболат Аманжоловқа қатысты сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 440-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу), 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Әлібек Қалбай өткен жылдың 22 сәуірінде сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Алматы гарнизонының әскери соты Жамбыл облысындағы әскери бөлімге келген соң қайтыс болған Әлібек Қалбайдың ісін қайта тергеуге жіберген болатын.

Сотталушылар мен жәбірленушілер 18 жастағы жауынгердің қазасы туралы істі тергеу нәтижесімен келіспей, қайта тергеуге жіберуді сұраған.

Әлібек Қалбай ісіне байланысты сот былтыр 23 тамызда басталып, осыған дейін 17 отырыс өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016232-askerge-bargan-son-bir-aptadan-keiin-mert-bolgan-sarbaz-olimine-qatysty-kudikti-9-zylga-sottaldy/

pixel