Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.

Ведомство мәліметінше, 22 сәуір күні Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер көз жұмған.

Таңертең сапта тұрған сабраздың кенеттен есінен танып қалғаны белгілі болды.

Оған қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, есін жимаған күйі дүние салған.

Айта кетейік, жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Қазіргі уақытта сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966459-zambyl-oblysynda-askeri-borysyn-otep-zurgen-sarbaz-koz-zumdy/

jitsu gif