Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

Жаңаөзен қаласындағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 17 сәуірде Астана уақытымен таңғы сағат 5 шамасында №2-ші шағын ауданда болған.

Газ жарылысы салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Оқиға орнында өрт болмаған (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

ТЖМ қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталып жатқанын атап өтті.

Жаңаөзендегі газ жарылысы болған жер
Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

Сондай-ақ ведомство үйіндінің арасын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оған Маңғыстау облыстық ТЖД, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардан 50 адам және 10 бірлік техника, кинологиялық есеп жұмылдырылған, оқиға орнында жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруда.

Сонымен қатар Маңғыстау облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі ашылған. Жедел желі нөмірі: 8/7292/31-90-99.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016975-zanaozende-eki-qabatty-turgyn-uide-gaz-zarylyp-aldyn-ala-malimet-boiynsa-11-adam-zardap-sekken/

pixel