Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тауып, зардап шеккендер саны артты

Опубликовано:

Газ жарылған тұрғын үй
Газ жарылған тұрғын үй. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

Жаңаөзендегі екі қабатты тұрғын үйде жарылған газ салдарынан бір адам қаза тауып, 12 адам зардап шеккен. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 17 сәуір күні сағат 05.04-те Жаңаөзен қаласындағы 2 подъезден тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің 2-ші подъездіндегі пәтерде жарылыс болған, өрт шықпаған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс опырылып түскен.

Сағат 08.30-да үйінді астынан алты адам шығарылған. 08.30-дағы жағдай бойынша оқыс оқиғадан барлығы 13 адам зардап шеккен. Оның ішінде 1 адам қайтыс болған. Сонымен қатар 5 адам ауруханаға жатқызылып, 7 адам үйіне жіберілген.

Жарылыс кезінде алдын ала болжам бойынша 3 пәтер бүлінген. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Аумақ үйіндіден тазартылуда.

ТЖД қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Сондай-ақ ТЖД-да жедел штаб құрылып, сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Оның нөмірі 8/7292/31-90-99.

Оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан қаза болған адам 1994 жылғы азамат. Құтқарушылар оның денесін үйінді астынан алып шыққан. Сондай-ақ құтқарушылар үйінді астынан зардап шеккен 2000 жылғы азаматшаны аман-есен алып шыққан.

Сондай-ақ медициналық көмекке жүгінген 12 адамның ішінде 8 бала бар.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі газ жарылысынан алдын ала мәлімет бойынша 11 адамның зардап шеккенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017001-zanaozendegi-zarylys-bir-adam-qaza-tauyp-zaralangandar-sany-artty/