jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркиядағы атыс кезінде қазақстандық жараланды

    Түркия полициясы
    Түркия полициясы. Көрнекі сурет: Tunahan Turhan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Түркиядағы атыс кезінде қазақстандық азамат жараланған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір ол Ыстамбұлдағы ауруханалардың бірінде жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Телеарнаның хабарлауынша, оқиға кеше Чекмекёй провинциясында болған. Көпқабатты үйлердің бірінің жанында белгісіз екі адам оқ жаудырған.

    Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 31 жастағы қазақстандық азамат оқыс оқиға кезінде сол жерде кездейсоқ болып, оқтың бірі оған тиген.

    Ведомство ер адамның консулдыққа хабарласып, жарақаты туралы айтқанын мәлімдеді. Қазақстандық дипломаттар оны Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жеткізді.

    Сонымен қатар қазақстандықтың Түркияда отбасымен бірге болғаны белгілі болды. Ол екі жасар қызын емдетуге әкелген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.