Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада балабақша өртенді (видео)

Опубликовано:

Астанада балабақшада өрт шықты
Балабақшадағы өрт. Видеодан кадр: T.me/qumash_kz

Астанадағы Худов көшесінде балабақшаның шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер келгенше барлық бала ғимараттан шығарылды, деп хабарлайды елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша өртеніп жатыр деген хабардан кейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері сағат 15:29-да Хлудов көшесі, 1 мекенжайына шыққан.

"Өрт сөндірушілер келген кезде балабақшаның шатыры өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер дереу адамдарды іздеуге кірісті. Әкімшіліктің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық бала сыртқа шығарылған", – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру бөлімшелері қоңырау шалған жерде күшейтілген қоңырау нөмірі бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019035-astanada-balabaqsa-ortendi-video/

pixel