Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көршілері көрпе жайып қағып алған": елордада үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін аман қалды

Опубликовано:

Бүлдіршінді құтқарып алу сәті бейнеленген кадр
Бүлдіршінді құтқарып алу сәті. Бейнебақылаудан алынған кадр: t.me/qr_tjm

Астанада жеті қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен баланы көршілері қағып алып, аман алып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырда Астана қаласында екі жасар қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, жеті қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен.

"Анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған", - дейді ТЖМ өкілдері.

Абырой болғанда көршілері терезеден құлайын деп тұрған қыз баланы дер кезінде көріп қалып, көрпе жайып, қағып алған.

Бүлдіршін ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы орташа дәрежеде деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019709-korsiler-korpe-zaiyp-qagyp-algan-elordada-usinsi-qabattan-qulagan-bala-aman-qaldy/

pixel