Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үй ауласында қатты жылдамдықпен келген көлік баланы қағып кетті

Опубликовано:

Ойын алаңына соғылған көлік
Алматыда көлік баланы қағып,ойын алаңына соғылды. Видеодан кадр: https://t.me/almatykrisp

Әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісінің Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында баланы қағып, ойын алаңына кіріп кеткені түсірілген видео пайда болды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы ALMATY_KRIS_P Telegram-дағы арнасында жарияланды. Кадрда көліктің қатты жылдамдықпен баланы қағып, кейін ойын алаңына соғылғаны көрсетілген. Арнада оқиғаның "Алма сити" тұрғын үй кешенінің ауласында болғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, оқыс оқиға 20 мамыр, сағат 18:30-да болған.

"Daewoo маркалы көліктің жүргізушісі ауланың ішімен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Бала дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Наурызбай аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021550-almatyda-turgyn-ui-aulasynda-qatty-zyldamdyqpen-kelgen-kolik-balany-qagyp-ketti/

pixel