"Диплом алуға бара жатқан": Ақтөбе облысында жүк көлігі мен автокөлік соқтығысып салдарынан 3 адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтөбе облысындағы "Самара-Шымкент" тас жолында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 1 маусым "Самара-Шымкент" тас жолының 594-ші километрінде қайғылы жол апаты болған. Lada Largus маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысқаны белгілі болған.
"Жол апаты салдарынан Lada Largus көлігіндегі үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Төртеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
"Мой город" басылымының хабарлауынша, көлікте отырғандардың арасында мұғалімдер де болған. Оның үшеуі Орал қаласындағы мектептерде жұмыс істейтіні анықталды.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза тапқандардың бірі №47 орта мектепте мұғалім-дефектолог болып жұмыс істеген. Тағы екеуі №5 және №9 орта мектептерінде жұмыс істейтіні, олар Қобда аудандық ауруханасында ауыр халде жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар жол апатынан тағы бір зардап шеккен адамның қалалық түзету кабинетінде сурдопедагог болып жұмыс істейтін белгілі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Қалалық білім бөлімі оқытушылар Ақтөбе университеттерінің бірінде сырттай оқып, диплом алуға бара жатқанын атап өтті.
Көлік ішінде тағы да мұғалімдердің БҚО білім басқармасында хабарлайтынын айтты.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023017-diplom-aluga-bara-zatqan-aqtobe-oblysyndagy-zol-apatynda-3-adam-qaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.