Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйік алғандар бар": ШҚО-да газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болды

Жарияланған күні:

Шемонаиха қаласы газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыс
Шемонаиха қаласы газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыс. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін, 22 маусымда ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болып, салдарынан өрт шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарын толтыру станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан.

ТЖМ өкілдері өрттен 5 бірлік техника жанып кеткенін, өрт сағат 14:44-те оқшауланғанын атап өтті.

"Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ", - деп хабардар етті ведомстовадан.

ТЖМ өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025953-kuiik-algandar-bar-sqo-da-zanarmai-quyu-stanciyasynda-zarylys-boldy/