Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жарылыс салдарынан болған өрт сөндірілді

Жарияланған күні:

Шемонаиха қаласы газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыс
Шемонаиха қаласы газ баллонын толтыру станциясында болған жарылыс. Фото: t.me/qr_tjm

ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында жарылыстан болған өрт жойылды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өрт сағат 16:16 -да сөндірілген.

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метрді қамтыған.

"Нысанның 1974 және 1975 жылы туған екі қызметкері зардап шегіп, термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болып, өрт шыққанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025965-sqo-da-zarylys-saldarynan-bolgan-ort-sondirildi/