Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да резеңке қайықпен балық аулауға шыққан екі адам құтқарылды

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Көрнекі фото: piqsels.com

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бұқтырма су қоймасында екі балықшыны құтқарып, жағаға шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми Telegram арнасында хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, 2023 жылғы 27 маусымда құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасы Славянка ауылы маңында екі адам резеңке қайықпен балық аулауға шығып, желдің күшімен жағадан алыстап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар моторлы қайықпен оларды балық аулауға шыққан жерден 4 километр қашықтықтан тауып алды.

Осыған байланысты ТЖД суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2026685-sqo-da-rezenke-qaiyqpen-balyq-aulauga-syqqan-eki-adam-qutqaryldy/