Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда катерлер соқтығысты: зардап шеккен бір бала комада жатыр

Опубликовано:

Атырауда екі катер соқтығысты
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/atyrauoill

Атырауда Жайық өзенінде екі серуендеу катері соқтығысып, 9 адам зардап шеккен еді. Дәрігерлер зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Телеарнаның ақпаратынша, соқтығыс кезінде тоғыз адам жарақат алғанымен, тек жетеуі ғана ауруханаға жеткізілген. Бір бала мен екі ересек емделіп шыққан, бірақ бір баланың жағдайы ауыр.

"Облыстық балалар ауруханасына төрт бала жеткізілген. Оның біреуі жағдайы қалыпты болуына байланысты үйіне шығарылды. Қалған үшеуі қазір облыстық балалар ауруханасында. Екеуі жарақат бөлімінде.

2017 жылғы баланың қазіргі жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Алған жарақаты көп. Басы жарақаттанған, комада жатыр. Таңғы сағат бесте ота жасалды. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы өте ауыр", – дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетсек, оқыс оқиға 3 шілде күні кешкісін болған. Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысып қалған. Катерлердің бірінде 25 жолаушы, екіншісінде 10 адам болған.

Облыстық ПД қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027596-bir-bala-komada-zatyr-atyrauda-qaiyqtarmen-bolgan-totense-zagdaidan-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel